---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/08/21/almatyda-qoghamdyq-koelikterde-zhol-zhuerw-aqysy-oesti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда қоғамдық көліктерде жол жүру ақысы өсті

![Алматыда қоғамдық көліктерде жол жүру ақысы өсті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/08/avtobus-2-1120x630-1.jpeg)

**Алматыда бүгіннен бастап қоғамдық көліктерде, яғни автобустарда, метрода және троллейбустарда жол жүру ақысы өсті, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Соған орай картамен немесе SMS код арқылы төлегенде, 100 теңге болса, ал қолма-қол төлеу кезінде жолақысы 200 теңгеге жетті. Бұрын жол жүру құны 80 және 150 теңге болған еді.

**Тегін жүруге кімдер құқылы?**

- ҰОС қатысушылары, мүмкіндігі шектеулі жандар,
- 75 жастан асқан зейнеткерлер,
- бірінші, екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар және он сегіз жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар,
- 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін саяси қуғын-сүргінге ұшыраған адамдар,
- басқа мемлекеттер аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлері,
- «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналар.

**Кімге 50 пайыз жеңілдік беріледі?**

50 пайыз жеңілдікпен жол жүру құны 50 теңге болады. Оған мына адамдар құқылы:

- жалпы білім беретін мектептердің 15 жастан асқан оқушылары,
- техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің оқушылары,
- күндізгі оқу нысанындағы жоғары оқу орындарының студенттері,
- зейнеткерлер,
- көпбалалы аналар,
- он сегіз жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалармен бірге жүретін адамдар.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда қоғамдық көлікте жол жүруге жаңа тарифтер бекітілгені хабарланған еді.

---

Жарияланды: 2023-08-21T09:34:32+06:00

Жаңартылды: 2023-08-21T09:34:32+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/08/21/almatyda-qoghamdyq-koelikterde-zhol-zhuerw-aqysy-oesti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.