---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/08/18/qazaqstan-shahtasyndaghy-oert-3-kenshi-aeli-izdestirilip-zhatyr/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Қазақстан» шахтасындағы өрт: 3 кенші әлі іздестіріліп жатыр

![«Қазақстан» шахтасындағы өрт: 3 кенші әлі іздестіріліп жатыр](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/08/photo_440901.jpeg)

**«Қазақстан» шахтасында 3 шахтерді іздеу жұмысы жалғасып жатыр. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин айтты, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «Шахтада өрт басталған кезде 227 адам болған. Бірден апатты жою жоспары енгізіліп, менің басшылығыммен жедел штаб құрылды. 18 тамыздағы жағдайға сәйкес, емдеу мекемелерінде 11 жұмысшы бар. Олардың 9-ы Қарағанды қаласында, екеуі Шахтинск қаласында ем алуда. Құтқару операциясын жүргізу нәтижесінде қаза тапқан 2 шахтердің мүрдесі табылды. Үш шахтерді іздеу жалғасып жатыр», — деді ол Қарағанды өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы брифингте.

Сонымен қатар ол қаза тапқан және зардап шеккен шахтерлердің отбасына және туған-туыстарына көңіл айтты.

> «Қажетті барлық көмек компания тарабынан да, мемлекет тарапынан да толық көлемде көрсетіледі. Ешкі қолдаусыз және назардан тыс қалмайды», — деді Вадим Басин.

Еске салайық, «Қазақстан» шахтасында өрт кеше, 17 тамыз күні сағат 10:05-те тұтанды.

Апат кезінде жер астында 227 кенші болды. 222 адамды жер бетіне жедел көтеру мүмкін болды, сегізі зардап шекті.

5 жұмысшының тағдыры белгісіз болды. Кейін олардың бірінің денесі табылды. Қалған 3 адамды іздестіру жұмысы жалғасып жатыр.

Қарағандыдағы көмір шахтасында зардап шеккендердің арасында екі адам жансақтау бөлімінде жеткізілгені туралы хабарлаған едік.

Айта кетейік, Президент «Қазақстан» шахтасында болған өрт себебін анықтау үшін жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды.

---

Жарияланды: 2023-08-18T07:14:42+06:00

Жаңартылды: 2023-08-18T07:14:42+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/08/18/qazaqstan-shahtasyndaghy-oert-3-kenshi-aeli-izdestirilip-zhatyr/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.