---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/08/17/qaraghandy-oblysynda-shahta-oertenip-zhatyr-227-adam-evakwaciyalanwda/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қарағанды облысында шахта өртеніп жатыр: 227 адам эвакуациялануда

![Қарағанды облысында шахта өртеніп жатыр: 227 адам эвакуациялануда](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/08/705fb1059a058b3e43685431154.webp)

**Қарағанды облысында «Қазақстан» шахтасы өртеніп жатыр. Бұл туралы «Арселор-Миттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Qazaqpress.**

> «17 тамыз күні сағат 10:05-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаменті «Қазақстан» шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Аварияны жою жоспары енгізілді. Шахтаны желдету жүргізіліп жатыр. Оқиға орнына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» республикалық орталық штабының (15 маманы мен 5 техникасы) және Төтенше жағдайлар департаментінің (8 маманы мен 2 техникасы) 3 бөлімшесі барды.
> 
> 
> 
> 
> Шахтадада 227 адам болған. Шахтадан қаптал ұңғыма арқылы адамдар жоғары шығарылып жатыр. Оқиға орнына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» республикалық орталық штабының (15 маманы мен 3 техникасы) және ТЖМ-ның (8 маманы мен 2 техникасы) қосымша күштері бара жатыр», — деп атап өтеді компаниядан.

Қосымша ақпарат сәл кейінірек берілетін айтылып отыр.

---

Жарияланды: 2023-08-17T07:30:15+06:00

Жаңартылды: 2023-08-17T07:30:15+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/08/17/qaraghandy-oblysynda-shahta-oertenip-zhatyr-227-adam-evakwaciyalanwda/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.