---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/08/16/guel-duekenindegi-daw-eks-policejding-zhanyndaghy-shenewnik-qyzmetinen-ketti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Гүл дүкеніндегі дау: экс-полицейдің жанындағы шенеунік қызметінен кетті

![Гүл дүкеніндегі дау: экс-полицейдің жанындағы шенеунік қызметінен кетті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/08/photo_115096.jpeg)

**Шымкенттегі даулы оқиғаның екінші қатысушысы Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Данияр Елқонды болып шықты. Ол берген арыз негізінде қызметінен босатылды, деп хабарлайды Qazaqpress Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.**

Бұл туралы журналистерге Мемлекеттік қызмет істері департаменті мәлім етті.

> «Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшылығына қажет болған жағдайда қызметтік тергеу жүргізумен қолданылған тәртіптік жазаның пропорционалдығын зерделеу жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды. Алайда, қазіргі уақытта Данияр Елқонды өзі берген өтініш негізінде атқаратын қызметінен босатылды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес олардың мемлекеттік қызметті өз еркімен тоқтатуына ешқандай кедергі болған жоқ», — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде шымкенттік ер адамның дүкеннен гүл шоғын күштеп алып, сатушыны итеріп жібергені түсірілген видео тараған еді. Оқиға мамыр айында болған, бірақ видео жақында ғана жария болды. Күш көрсеткен ер адам полиция қызметінен босатылған Қаратау аудандық полиция бөлімінің бұрынғы қызметкері болып шықты. Кейін атышулы видеодағы екінші қатысушының кім екені белгілі болды. Ол Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Данияр Елқонды екен. Ол қатаң сөгіс алған еді.

---

Жарияланды: 2023-08-16T06:58:45+06:00

Жаңартылды: 2023-08-16T06:58:45+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/08/16/guel-duekenindegi-daw-eks-policejding-zhanyndaghy-shenewnik-qyzmetinen-ketti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.