---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/08/15/saetbaevtaghy-kenshiler-erewili-taraptar-kelisimge-keldi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Сәтбаевтағы кеншілер ереуілі: тараптар келісімге келді

![Сәтбаевтағы кеншілер ереуілі: тараптар келісімге келді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/08/photo_440500.jpeg)

**«Қазақмыс» басшылығы Сәтбаевтағы шахташылардың арыз-талаптарын тыңдап, олармен келісімге келді, деп хабарлайды Qazaqpress аталған мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.**

> «Бүгін «Қазақмыс» басшылығы жұмыстарды тоқтата тұру туралы жариялаған мердігер ұйымдардың жұмысшылары және шахтерлермен туындаған мәселелерді шешу үшін шахтаға түсті. Кездесу нәтижесінде тараптар келісімге келді. Жұмысшылар сұрақтарының бір бөлігі сол жерде келісіліп, қанағаттандырылды. Көтерілген мәселелердің екінші бөлігін орындау заңнамалық өзгерістерге қатысты, осыған байланысты оны шешуге қосымша уақыт қажет. Оларды жұмысшылар мен жұмыс берушілердің өкілдерінен тұратын арнайы құрылған бастамашыл топ пысықтайтын болады», — делінген түсініктемеде.

«Қазақмыс» ЖШС мәліметінше, келіссөздер қорытындысы бойынша кәсіпорында жұмыс жалғасын тапты.

Сондай-ақ, ереуілге шыққандардың жауапкершілікке тартылмайтыны айтылды.

---

Жарияланды: 2023-08-15T03:50:16+06:00

Жаңартылды: 2023-08-15T03:50:16+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/08/15/saetbaevtaghy-kenshiler-erewili-taraptar-kelisimge-keldi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.