---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/08/14/toqaev-paekistannyng-premer-ministrin-quttyqtady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев Пәкістанның премьер-министрін құттықтады

![Тоқаев Пәкістанның премьер-министрін құттықтады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/08/photo_115030.png)

**Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Qazaqpress Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.**

Мемлекет басшысы Пәкістанның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күніне орай премьер-министр Шахбаз Шарифке ізгі тілегін жеткізді.

Жеделхатта Пәкістан тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап өзінің мемлекеттілігі мен егемендігін нығайту ісінде зор жетістікке жеткені атап өтілген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Астана мен Исламабад арасындағы қарым-қатынастың достық сипатта екеніне назар аударып, екі ел халықтарының игілігі үшін екіжақты байланысты одан әрі дамыта түсуге дайын екенін білдірді.

---

Жарияланды: 2023-08-14T05:07:15+06:00

Жаңартылды: 2023-08-14T05:07:15+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/08/14/toqaev-paekistannyng-premer-ministrin-quttyqtady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.