---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/08/14/muhtar-tilewberdi-zhanga-qyzmetke-keldi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Мұхтар Тілеуберді жаңа қызметке келді

![Мұхтар Тілеуберді жаңа қызметке келді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/08/photo_115021.jpeg)

**ҚР премьер-министрінің бұрынғы орынбасары және сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді жаңа қызметке тағайындалды. Тиісті жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды, деп хабарлайды Qazaqpress Ақордаға сілтеме жасап.**

> — Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды, — делінген Жарлықта.

Бұл ретте Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша, Әлібек Бақаев Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

---

Жарияланды: 2023-08-14T04:55:32+06:00

Жаңартылды: 2023-08-14T04:55:32+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/08/14/muhtar-tilewberdi-zhanga-qyzmetke-keldi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.