---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/08/10/toqaev-qazaqstandyqtardy-abaj-kuenimen-quttyqtady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады

![Тоқаев қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/06/1834406419_0_0_3048_1714_1920x0_80_0_0_af781adaa8c9170dc782b371db12babe.jpg)

**Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады, деп хабарлайды ****Qazaqpress.**

> «Баршаңызды Абай күнімен құттықтаймын! Хакім Абай — ұлт руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан кемеңгер. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу ісінде Абай өсиетінің маңызы зор. Адал азамат ұғымы ұлы ақынның «толық адам» тұжырымынан бастау алады. Біз Абай мұрасын насихаттауды жалғастыра береміз», — деді Мемлекет басшысы.

10 тамызда қазақстандықтар дәстүрлі түрде Абай күнін тойлайды. Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, ақын, ағартушы және сазгер Абай Құнанбаевтың туған күні ресми мереке күні болып саналады.

Жаңа мереке 2020 жылы қазақтың ұлы ақынының 175 жылдық мерейтойы тойланған кезде бекітілді. Сол жылдың 5 тамызында бұл күн мерекелердің ресми тізіміне енді.

---

Жарияланды: 2023-08-10T04:39:04+06:00

Жаңартылды: 2023-08-10T04:39:04+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/08/10/toqaev-qazaqstandyqtardy-abaj-kuenimen-quttyqtady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.