---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/08/09/zhalghan-shot-faktwralar-zhazyp-memleketke-1-mlrd-tengge-somada-ziyan-keltirgen-top-sottaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жалған шот-фактуралар жазып, мемлекетке 1 млрд теңге сомада зиян келтірген топ сотталды

![Жалған шот-фактуралар жазып, мемлекетке 1 млрд теңге сомада зиян келтірген топ сотталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/08/1879352_10_0_6559_4912_1280x0_80_0_0_7c244ce1df77a4dd9c1d28d5b06a6f7c.jpg)

**Қаржы мониторингі агенттігінің елордалық департаменті жұмысты, қызмет көрсетуді және жүктерді жөнелтуді нақты орындамай, жалған шот-фактураларды жазып беру фактісі бойынша бір топ тұлғаға қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Qazaqpress аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.**

2021 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы наурызға дейін бір топ тұлғалар мүліктік пайда алу мақсатында нақты қызметтер көрсетпей, жұмыстарды орындамай және тауарларды жөнелтпестен, бақылаудағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің атынан шот-фактуралар беру бойынша іс-әрекеттерді жасауға жәрдемдесті.

Олар өз әрекеттерімен мемлекетке өтелмеген 1 млрд теңгеден астам салық сомасында аса ірі көлемде зиян келтірген.

Сот үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері кінәлі деп танылып, 3,5 жылдан 4,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

---

Жарияланды: 2023-08-09T05:54:15+06:00

Жаңартылды: 2023-08-09T05:54:15+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/08/09/zhalghan-shot-faktwralar-zhazyp-memleketke-1-mlrd-tengge-somada-ziyan-keltirgen-top-sottaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.