---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/08/09/dikij-armandy-qamawda-ustaw-merzimi-taghy-1-ajgha-uzartyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі тағы 1 айға ұзартылды

![«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі тағы 1 айға ұзартылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/08/photo_433718.jpeg)

**«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 7 қыркүйегіне дейін дейін ұзартылды, деп хабарлады Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «Алматы Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 4 тамыздағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 7 қыркүйегіне дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды»,- деп хабарлады Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі.

Еске салайық, былтыр 7 қаңтарда Алматыда полицейлер «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің беделдісі Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.

Кейін ҚР Бас прокуратурасы «Дикий Арманың» Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын жеткізді.

---

Жарияланды: 2023-08-09T05:51:04+06:00

Жаңартылды: 2023-08-09T05:51:04+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/08/09/dikij-armandy-qamawda-ustaw-merzimi-taghy-1-ajgha-uzartyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.