Қарағанды облысындағы шахтада 34 жастағы кенші зардап шекті

Қарағанды облысындағы шахтада 34 жастағы кенші зардап шекті

Қарағанды облысындағы «Шахтинская» шахтасында 34 жастағы үңгуші зардап шекті, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға бүгін сағат 05:00 шамасында болған. Кеніштегі бұрғылау жұмысы кезінде кен опырылып, ер адамды басып қалған.

«УПР-1 учаскесінің жұмысшылары үңгушіге алғашқы медициналық көмек көрсетті, кейін ол шахтаның үстіне шығарылды және шокқа қарсы реанимациялық бригада Қарағандыдағы Мақажанов атындағы емханаға жеткізді», — деп хабарлады «АрселорМиталл Теміртау» баспасөз қызметі.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 277-бабының 1-бөлігі «Тау-кен жұмыстарын немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қарағанды ​​облыстық полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.