---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/08/02/tzhd-almatyda-oertengen-uejding-oertke-qarsy-qorghanys-zhuejesi-istemegen/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ТЖД: Алматыда өртенген үйдің өртке қарсы қорғаныс жүйесі істемеген

![ТЖД: Алматыда өртенген үйдің өртке қарсы қорғаныс жүйесі істемеген](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/08/photo_439302.jpeg)

**Алматыда өрт шыққан үйде өртке қарсы қорғаныс жүйесі істемеген. Бұл туралы «Ақкент» шағынауданындағы көппәтерлі тұрғын үйдегі өрт оқиғасы бойынша өткен баспасөз мәслихатынан мәлім болды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Алматы қалалық ТЖД бастығының міндетін атқарушы полковник Ерлан Әлібековтің айтуынша, көппәтерлі тұрғын-үйдің оңтүстік жағында өрт сөндіру техникасына арналған подъезд болмаған. Сол себепті сол жерде орналасқан пәтерлердің есіктерін қолмен сындырып, авто сатылар үшін жол ашуға тура келген.

> «Бұл жұмыстарға біраз уақыт кетті. Айту керек, үйдің тұрғындарының барлығы кондоминиум өкілдері және олар инженерлік жабдықтардың, оның ішінде өртке қарсы қорғаныс жүйелерінің ұқыпты сақталуына жауапты. Кешегі жағдай тұрғын үйдегі түтінге қарсы қорғаныс жүйесінің жұмыс істемейтінін көрсетті. Егер ол жұмыс істесе қабаттарды қатты түтін баспас еді», — деді Ерлан Әлібеков.

Ол сондай-ақ мұндай үйлерде апаттық шығу жолы ретінде 5-ші қаббатан бастап жоғары қабаттардың балкондарына дейін жалғасқан люктер болатынын айтты.

> «Олардың барлығы жабық болды, егер ашық болған болса, жоғарғы қабаттардағы тұрғындар 5-ші қабатқа дейін түсіп, ары қарай біздің өрт сөндірушілер оларды эвакуациялайтын еді», — деді спикер.

---

Жарияланды: 2023-08-02T10:08:57+06:00

Жаңартылды: 2023-08-02T10:08:57+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/08/02/tzhd-almatyda-oertengen-uejding-oertke-qarsy-qorghanys-zhuejesi-istemegen/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.