---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/08/01/qonaevta-ata-analar-balalar-lagerindegi-zhaghdajgha-shaghymdandy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қонаевта ата-аналар балалар лагеріндегі жағдайға шағымданды

![Қонаевта ата-аналар балалар лагеріндегі жағдайға шағымданды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/08/photo_114809.jpeg)

**Қонаевтағы балалар лагеріндегі бөлменің суретін журналист Сандуғаш Дүйсенова Instagram-парақшасында жариялады, деп хабарлайды Qazaqpress mgorod.kz-ке сілтеме жасап.**
Кадрлардан балалар ұйықтайтын бөлменің қабырғаларынан бояуы кеткені көрінеді, жайлы деп айтуға да келмейді.

Сондай-ақ, суретте балалар жататын төсектер бір-біріне тым жақын орналасқаны көрінеді, ал санитария дәрігерлердің нұсқауы бойынша жатын бөлмесіндегі орын саны бір балаға төрт шаршы метрден есептелуі керек.

Балалар құқығын қорғау комитеті жұмыс тобының лагерьге кеткенін хабарлады.

> — Оқу-ағарту министрлігі мен Білім басқармасының өкілдері орталықта балалардың тұру, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайын тексереді. Бұған дейін Қонаев атындағы білім бөлімі осы жекеменшік «Бәйтерек» лагерінде мониторинг жүргізген. Оның барысында лагерьде СЭС рұқсаты бар екені анықталды, — деді комитет өкілдері.

Оқиға орнында прокурорлар да бар.

---

Жарияланды: 2023-08-01T07:10:36+06:00

Жаңартылды: 2023-08-01T07:10:36+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/08/01/qonaevta-ata-analar-balalar-lagerindegi-zhaghdajgha-shaghymdandy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.