---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/08/01/qazaqstanda-340-mynggha-zhwyq-bala-1-synypqa-qabyldandy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстанда 340 мыңға жуық бала 1-сыныпқа қабылданды

![Қазақстанда 340 мыңға жуық бала 1-сыныпқа қабылданды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/08/2019071704471340.jpg)

**Елімізде 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау мерзімі аяқталды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.**

Құжаттарды қабылдау толық төрт ай, яғни 1 сәуірден 1 тамызға дейінгі аралықта жүргізілген болатын.

> «Осы мерзім ішінде қазақстандықтардан 377 681 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 339 880 оқушы бірінші сыныпқа қабылданды. Өтініш берішулердің 70,7% мектепті мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірді. Құжаттарды қабылдау еgov.kz электронды порталы және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылды», — деп жазылған министрлік хабарламасында.

Сондай-ақ, бірінші сыныпқа қабылданушылардың ең жоғары көрсеткіші Шымкент қаласында (99,3%), Павлодар (97,6%), Шығыс-Қазақстан (96,6%) облыстарында тіркелген.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау неліктен 1 тамызға дейін жүретінін түсіндірген еді.

> «Құжаттар қабылдауды біз ертерек, көктемнен бастаймыз. Оқушылардың санын анықтап, оқулық дайындауды алдын ала жоспарлау керек. Құжат қабылдауды 1 қыркүйекке дейін ұзартуға да болар еді. Онда 1-сынып оқушыларына қанша кітап керектігі белгісіз болады. Оқулықтарды ертерек қажетті көлемде сатып алу қажет. Уақыттың тығыздығынан 1 тамызға дейін ғана құжат қабылдау жүреді», — деді Ғани Бейсембаев Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сұрағына.

---

Жарияланды: 2023-08-01T07:13:53+06:00

Жаңартылды: 2023-08-01T07:14:20+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Білім](https://qazaqpress.kz/category/bilim/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/08/01/qazaqstanda-340-mynggha-zhwyq-bala-1-synypqa-qabyldandy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.