---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/07/31/shalqar-koelinde-swgha-kete-zhazdaghan-aejel-qutqaryldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Шалқар көлінде суға кете жаздаған әйел құтқарылды

![Шалқар көлінде суға кете жаздаған әйел құтқарылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/07/230731005958792e.webp)

**Батыс Қазақстан облысындағы Шалқар көлінде 38 жастағы әйел суға кете жаздады, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 30 шілде күні Теректі ауданы Сарыөмір ауылы маңындағы Шалқар көлінде болды.

> «Сағат 19.19-да Шалқар көлінде жел салдарынан матрацтағы бір адамды толқын алып бара жатқаны жөнінде хабар түскен. Оқиға орнына шұғыл жеткен БҚО ТЖД жедел құтқару жасағы 38 жастағы әйелді аман алып қалды. ТЖ департаменті суға шомылу кезінде қарапайым қауіпсіздік ережесін сақтау керектігін еске салады», — деп хабарлады ведомстводан.

Департаменттен алынған мәліметке қарағанда, биыл жыл басынан бері өңірде 6 адам суға кеткен.

Бүгінгі әйелді қосқанда, 10 адам құтқарылса, соның жетеуі – бала.

---

Жарияланды: 2023-07-31T03:34:32+06:00

Жаңартылды: 2023-07-31T03:34:32+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/07/31/shalqar-koelinde-swgha-kete-zhazdaghan-aejel-qutqaryldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.