---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/07/26/shymkent-qalasy-aekimdigining-aldyndaghy-fontangha-10-zhasar-bala-batyp-ketti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Шымкент қаласы әкімдігінің алдындағы фонтанға 10 жасар бала батып кетті

![Шымкент қаласы әкімдігінің алдындағы фонтанға 10 жасар бала батып кетті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/07/snimok-ekrana-2023_07_25-v-16.07.23.png)

**Шымкент қаласы әкімдігінің алдындағы фонтанға 10 жасар бала батып кетті, деп хабарлайды Qazaqpress ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.**

> «24 шілде күні сағат 19:14-те Қаратау аудандық ІІБ-нің 102 пультіне қалалық әкімдік ғимаратының алдындағы субұрқақта бір баланың қаза тапқаны туралы хабарлама түсті», — делінген хабарламада.

Полицейлер 10 жасар жасөспірімнің абайсызда суға шомылу кезінде суға батып кеткенін анықтады. Тексеру кезінде баланың денесінде көзге көрінетін жарақаттар табылмады.

«Полиция кәмелетке толмаған баланың өлімі фактісін ЕРДР-да тіркеді.

Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», — делінген хабарламада.

---

Жарияланды: 2023-07-26T03:38:49+06:00

Жаңартылды: 2023-07-26T03:38:49+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/07/26/shymkent-qalasy-aekimdigining-aldyndaghy-fontangha-10-zhasar-bala-batyp-ketti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.