---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/07/25/qazaq-tili-qoghamynyng-vice-prezidenti-taghajyndaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті тағайындалды

![«Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті тағайындалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/07/unnamed-1.jpg)

**Астанада Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының кезектен тыс құрылтайы өтіп, қоғамның вице-президенті болып белгілі меценат, тіл жанашыры Дулат Тастекей тағайындалды.**

Жиынға жиналғандар бірауыздан Дулат Тұрсынұлының кандидатурасын қолдады.

Еске сала кетейік, Дулат Тастекейді көпшілік тіл жанашыры ретінде жақсы таниды. Ол өзі басқарып отырған компания іс-қағаздарын қазақшалап, қызметкерлеріне қазақ тілі курсын ұйымдастырып, көпшілікке өз ісімен, ұстанымымен үлгі болған еді.

Дулат Тастекей жаңа қызметінде тілдің қолданыс аясын кәсіпкерлік және ақпараттық технологиялар саласында қарқындатуға күш салатынын жеткізді.

Айта кетейік, «Қазақ тілі» қоғамы, халықаралық қазақ тілі қоғамы — қазақ тілін, мәдениетін, әдебиетін, тарихын оқып-үйренуге, әдет-ғұрпын, тұрмыс-салтын сақтап, оны одан әрі дамытуға ықыласты қазақ және басқа ұлт өкілдерінің басын біріктіретін ерікті ұйым. 1989 жылы құрылды.

---

Жарияланды: 2023-07-25T03:52:09+06:00

Жаңартылды: 2023-07-25T03:52:46+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/07/25/qazaq-tili-qoghamynyng-vice-prezidenti-taghajyndaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.