---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/07/25/astanada-qorshaghan-ortany-qorghaw-basqarmasynyng-basshysy-kuedikke-ilindi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Астанада Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы күдікке ілінді

![Астанада Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы күдікке ілінді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/07/photo_114708.jpeg)

**Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы жемқорлыққа күдікті, деп хабарлайды ****Qazaqpress Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.**

Агенттік мәліметінше, «Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ басшысына қатысты тергеу аяқталған.

Ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, кәсіпкерлік субъектісіне 4,7 миллион теңге көлемінде залал келтірген деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта айыпталушы сотқа тартылды.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

---

Жарияланды: 2023-07-25T03:59:48+06:00

Жаңартылды: 2023-07-25T03:59:48+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/07/25/astanada-qorshaghan-ortany-qorghaw-basqarmasynyng-basshysy-kuedikke-ilindi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.