---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/07/21/aziya-chempionatynda-qazaq-balwandary-toert-medal-zhengip-aldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Азия чемпионатында қазақ балуандары төрт медаль жеңіп алды

![Азия чемпионатында қазақ балуандары төрт медаль жеңіп алды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/07/1689859635_19.jpg)

**Азия чемпионатында қазақ балуандары төрт медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Qazaqpress Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.**

> «Амманда (Иордания) күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионаты жалғасуда. Еркін күресшілер арасындағы жарыстың бірінші күнінде Қазақстан құрамасына төрт жүлде бұйырды», — делінген бейсенбі күні таратқан хабарда.

Белгілі болғандай, 97 келі салмақта Камиль Куруглиев алтыннан алқа тағынды. Мерей Базарбаев (57 келіге дейін), Мұхаметәлі Қабидолданов (70 келіге дейін) және Мағжан Жаңарбай (79 келіге дейін) жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

**Фото дереккөзі: olympic.kz**

---

Жарияланды: 2023-07-21T04:50:25+06:00

Жаңартылды: 2023-07-21T04:50:25+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/07/21/aziya-chempionatynda-qazaq-balwandary-toert-medal-zhengip-aldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.