---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/07/21/aqmola-turghynynan-6-keliden-asa-esirtki-taerkilendi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ақмола тұрғынынан 6 келіден аса есірткі тәркіленді

![Ақмола тұрғынынан 6 келіден аса есірткі тәркіленді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/07/photo_114648.png)

**Ақмола тұрғынынан 6 келіден аса есірткі тәркіленді, деп хабарлайды ****Qazaqpress polisia.kz-ке сілтеме жасап.**

Шілде айының басында «Қарасора-2023» ЖПІШ өткізу кезінде облыс орталығының 45 жастағы тұрғыны ұсталып, оның пәтерін тінту барысында салмағы 6 келі 324 грамм кептірілген марихуанасы бар 24 түйін және салмағы 17 грамм екі гашиш түйіні тәркіленді.

Сонымен қатар, тінту кезінде диванның астынан салмағы 2 келіден асатын қарасора тұқымдары бар майонез шелектері табылды. Ұсталған адамның айтуынша, ол есірткіні жеке пайдалану үшін сақтаған.

ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі «Ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау» бойынша соталды іс жүргізу басталды. Ұсталған адамға 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.

---

Жарияланды: 2023-07-21T04:54:18+06:00

Жаңартылды: 2023-07-21T04:54:18+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/07/21/aqmola-turghynynan-6-keliden-asa-esirtki-taerkilendi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.