2022 жылы Қазақстанда қоршаған ортаны қорғауға жарты триллион теңгеге жуық қаржы жұмсалды, деп хабарлайды Qazaqpress Qazstat сайтына сілтеме жасап.
«2022 жылы шығындар (Қазақстанда қоршаған ортаны қорғауға – ҚазТАГ) 444,5 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда (416,9 млрд теңге) 6,6%-ға артық», — делінген сәрсенбі күні таратқан хабарламада.
Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындардың ең көп көлемі Атырау облысында – 101 млрд теңге немесе барлық шығындардың 22,6%-ы болды. Одан әрі шығындар бойынша Қарағанды – 46 млрд., Ақтөбе – 45 млрд. және Павлодар – 37 млрд. Табиғатты қорғауға ең аз жұмсаған Жетісу облысы – 993 млн.
Ең көп шығын ауаны қорғау және климаттың өзгеруі проблемаларына – 128 млрд теңге, сарқынды суларды тазартуға – 113 млрд теңге, қалдықтарды өңдеуге – 107 млрд теңгеге түсті.
Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығынның 93%-ға жуығы өнеркәсіптің үлесіне тиді.
Қоршаған ортаны қорғау шығындарын қаржыландырудың негізгі көзі ретінде кәсіпорындардың меншікті қаражаты – 354 млрд теңге аталды, оның 5 млрд теңгесі республикалық бюджетке, 6 млрд теңгесі – жергілікті бюджетке түсті.
Сурет көзі: pixabay.com
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз