Ақтөбе облысында ауыл әкімінің өліміне кінәлі деп танылғандар туралы үкім шығарылды, деп хабарлайды Qazaqpress Kaztag.kz-ке сілтеме жасап.
«Сот шын жүректен өкінуді және кәмелетке толмаған балалардың болуын қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жай деп таныды. Қылмыстық құқық бұзушылықты алкогольдік масаң күйде жасау қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын деп танылады. Сот үкімімен У. кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды», — деп хабарлайды Алғын аудандық сотының баспасөз қызметі.
2022 жылғы 11 желтоқсанда Алғын ауданы Сарыхобды ауылдық округінде сотталушы мас күйінде ауыл әкімімен жанжалдасып, жанжал кезінде оның іш тұсынан бір рет пышақпен жарақаттап, ішкі қан кетуінен қайтыс болды.
Сот жауапкер өз еркімен жәбірленуші тараптың пайдасына он миллион теңге көлемінде моральдық зиянды өтегенін хабарлайды.
Сурет көзі: pixabay.com













Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз