---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/07/14/toqaev-5-zhastaghy-qyzdyng-oelimining-maen-zhajyn-muqiyat-tekserwdi-tapsyrdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев 5 жастағы қыздың өлімінің мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды

![Тоқаев 5 жастағы қыздың өлімінің мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/07/saryagash-tokaev.jpg)

**Мемлекет басшысына Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 5 жасар қыз баланың өлтірілгені жөніндегі қайғылы оқиға туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды Qazaqpress Ақорда сайтына сілтеме жасап.**

Құқық қорғау органдары істі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті анықталды.

Қолда бар ақпарат бойынша, күдікті бұған дейін кісі өлтіргені үшін сотталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Биыл оған адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 3 жылға бас бостандығын шектеу жөнінде үкім шығарылған.

Президент Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне болған қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды. Мемлекет басшысы биыл шығарылған сот үкімінің заңдылығын қарастыру және адамға қатысты аса қауіпті қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту маңызды деп санайды.

Баланың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз, делінген Ақорда хабарламасында.

---

Жарияланды: 2023-07-14T05:31:04+06:00

Жаңартылды: 2023-07-14T05:31:04+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/07/14/toqaev-5-zhastaghy-qyzdyng-oelimining-maen-zhajyn-muqiyat-tekserwdi-tapsyrdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.