Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 33 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚР Білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстандық оқушылар математика, химия және информатика бойынша 30-шы халықаралық «Туймаада» олимпиадасының жеңімпаздары атанды. Олимпиадаға Ресей, Румыния, Қазақстан, Сингапур, Индонезия елдерінен 215 оқушы қатысты. Еліміздің атынан республиканың әр өңірінен 80 оқушы қатысып, төрт алтын, 14 күміс және 15 қола медальдар жиынтығын жеңіп алды.
«Туймаада» 1994 жылдан бері өткізіліп келе жатқаны атап өтілді. Қазақстан 2004 жылдан бері қатысып келеді. Олимпиада екі күн бойы екі турдан тұрады. Әр раундта қатысушыларға бес астрономиялық сағат ішінде үш немесе төрт мәселені шешу ұсынылады.
Фото дереккөзі: gov.kz
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз