---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/07/11/astanada-sportty-damytw-direkciyasynyng-basshysy-qamawgha-alyndy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Астанада спортты дамыту дирекциясының басшысы қамауға алынды

![Астанада спортты дамыту дирекциясының басшысы қамауға алынды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/07/1551755_386_0_5511_3844_1920x0_80_0_0_f12f422ece09b457240759ae3ba14930.jpg)

**ҚМА елордалық департаменті Астана әкімдігінің «Спорттың олимпиадалық түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясы» КММ-нің лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ****Qazaqpress ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.**

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2020-2023 жылдары аралығында ақша жымқыру шетелде де, республика ішінде де оқу-жаттығулар мен жарыстарға бөлінген іссапар шығындарын асыра көрсету арқылы жасалған.

> «Іс жүзінде жұмсалған ақшадан айырма түрінде алынған қаражатты КММ басшылығы алып отырған. Заңсыз әрекеттерден мемлекетке келтірілген шығын көлемі 70 миллион теңге болады.
> 
> 
> 
> 
> Сонымен қатар, КММ басшысы оқу-жаттығу жиындарын қаржыландыру мәселесі бойынша оң шешім қабылдағаны үшін жаттықтырушыдан 4 миллион теңге көлемінде пара алғаны анықталды. ҚММ бастығына қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес соталды тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілуге жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

---

Жарияланды: 2023-07-11T04:51:31+06:00

Жаңартылды: 2023-07-11T04:51:31+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/07/11/astanada-sportty-damytw-direkciyasynyng-basshysy-qamawgha-alyndy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.