Шығыс Қазақстан облысында 20 тонна күкірт қышқылы тиелген жүк көлігі аударылып қалды

Шығыс Қазақстан облысында 20 тонна күкірт қышқылы тиелген жүк көлігі аударылып қалды

Шығыс Қазақстан облысында 20 тонна күкірт қышқылы тиелген жүк көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Күршім ауданында – Ақбұлақ пен Егіндібұлақ ауылдарының арасында қышқыл тиелген жүк көлігі аударылып қалды. Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, апат салдарынан 20 тоннаға жуық күкірт қышқылы төгілген», — делінген хабарламада.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті оқиға орнында ластанған топырақты қазу жоспарланғанын қосты.

Ең жақын су көзі – бұлақ – бес шақырымдай жерде. Жергілікті тұрғындар оны пайдаланбайды, дейді әкімдік. Алайда мамандар қышқылдың төгілуіне байланысты ластанудың орын алғанын анықтау үшін бұлақтан су сынамаларын алды.