---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/07/10/qajyrymdylyq-ministri-eki-otbasygha-baspana-syjlady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Қайырымдылық министрі» екі отбасыға баспана сыйлады

![«Қайырымдылық министрі» екі отбасыға баспана сыйлады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/07/5-1.jpg)

**Қоғамда «қайырымдылық министрі» атанып кеткен, меценат Дулат Тастекей туған ауылы Абай облысы Ақсуат ауданы Екпін ауылында екі отбасыға 4 бөлмелі үй сыйлады.**

90 шаршы метрді құрайтын баспана толықтай заман талабына сай жасалынған.

Жаңа баспанаға ие болған Серикбосын Абдахов мен Гүлзат Сағымбаева сегіз баланы тәрбиелеп отырған көп балалы отбасы. Ал екінші баспана мүгедектігі бар Тұрғанбек Шакеровке берілді. Ашылу салтанатына Алтынбек Қоразбаев, Тұңғышбай Жаманқұлов,Ұлықбек Есдәулет сынды ел зиялылары қатысты.

Бұл осынау игі істің алғашқысы да, соңғысы да емес. Себебі, Тастекей Дулат Тұрсынұлы 2016 жылдан бері дәстүрлі түрде мұқтаж жандарға баспана сыйлап келеді. Еліміздегі әр отбасының керегесі кең, шаңырағы бүтін болса, ұлтымыздың да көсегесі көгеретіні сөзсіз.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2023/07/2-1-300x200.jpg)

 

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2023/07/3-1-300x200.jpg)

 

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2023/07/4-1-300x200.jpg)

 

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2023/07/1-1-300x200.jpg)

---

Жарияланды: 2023-07-10T10:25:21+06:00

Жаңартылды: 2023-07-10T10:25:21+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/07/10/qajyrymdylyq-ministri-eki-otbasygha-baspana-syjlady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.