---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/07/06/almatyda-kommwnaldyq-tarif-qalaj-oezgeredi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда коммуналдық тариф қалай өзгереді

![Алматыда коммуналдық тариф қалай өзгереді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/07/acfe3920efe9f644c65684eb1a4.webp)

«Инвестицияларға айырбастау тарифі» бағдарламасы шеңберінде коммуналдық қызметтер тарифі өзгереді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Әсел Бөденеева мәлім етті, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Спикердің сөзінше, департамент табиғи монополиялардың базалық субъектілерінің сумен жабдықтау және су бұру, жылу энергиясын өндіру, жылу энергиясын беру, бөлу және жабдықтау, электр энергиясын беру қызметтері бойынша қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін тарифтерді өзгертуге өтінімдерді, сондай-ақ электр энергиясын жабдықтау бағасының алдағы уақытта көтерілуі туралы хабарламаны қараған.

«Алматы Су» ШЖҚ МКК сумен қамту қызметінің тарифі, орташа тариф судың текше метрі үшін 63,08 теңгеден 88,09 теңгеге дейін көбейді.

> «Тұрғын ауданы 30 м2 болатын 1 бөлмелі пәтерді суық сумен жабдықтау бойынша 43 теңге және кәріз үшін 41 теңге болды. Тұрғын ауданы 55 м2 болатын 2 бөлмелі пәтерді суық сумен жабдықтау бойынша — 65 теңге және кәріз үшін 60 теңге. Суық сумен жабдықтау бойынша тұрғын ауданы 70 м2 болатын 3 бөлмелі пәтерді қамту 86 теңге және кәріз үшін 81 теңге», — деді Әсел Бөденеева өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Жылыту кезеңінде үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылыту және ыстық сумен жабдықтау үшін артық төлем: тұрғын ауданы 30 м2 болатын 1 бөлмелі пәтерге — 1 032 теңге; тұрғын ауданы 55 м2 болатын 2 бөлмелі пәтерге — 1 989 теңге; тұрғын ауданы 70 м2 болатын 3 бөлмелі пәтерге — 2 402 теңге, оның ішінде ыстық сумен жабдықтау бойынша 90 теңге көлемінде.

---

Жарияланды: 2023-07-06T07:50:08+06:00

Жаңартылды: 2023-07-06T07:50:08+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/07/06/almatyda-kommwnaldyq-tarif-qalaj-oezgeredi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.