---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/07/05/oekm-operatorynyng-burynghy-quryltajshysy-baae-de-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «ӨКМ Операторының» бұрынғы құрылтайшысы БАӘ-де ұсталды

![«ӨКМ Операторының» бұрынғы құрылтайшысы БАӘ-де ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/07/photo_114254.jpeg)

**«ӨКМ Операторы» бойынша іздеуде жүрген күдікті Біріккен Араб Әмірлігінде ұсталды, деп хабарлайды ****Qazaqpress Антикор мәліметіне сілтеме жасап.**

> «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұған дейін «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің бұрынғы құрылтайшысы Ш.Мұқтароваға аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен халықаралық іздестіру жариялаған болатын. Ол Дубай қаласында ұсталып, Интерполдың көмегімен Біріккен Араб Әмірліктерінің уәкілетті органдары қамауға алды», — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы оны экстрадициялау рәсімін жүзеге асырып жатқаны айтылды.

---

Жарияланды: 2023-07-05T08:04:51+06:00

Жаңартылды: 2023-07-05T08:04:51+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/07/05/oekm-operatorynyng-burynghy-quryltajshysy-baae-de-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.