---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/07/05/air-astana-oendiristik-qawipsizdik-bojynsha-master-klass-oetkizdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Air Astana өндірістік қауіпсіздік бойынша мастер-класс өткізді

![Air Astana өндірістік қауіпсіздік бойынша мастер-класс өткізді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/07/39756.jpg)

**«Самұрық-Қазына» қорының 15 жылдығын мерекелеу аясында Air Astana әуекомпаниясы 4-ші шілдеде Астанадағы меншікті авиациялық-техникалық орталығында Қор қызметкерлері мен портфельдік компаниялардың балалары үшін өндірістік қауіпсіздік бойынша мастер-класс өткізді.**

16 жасқа дейінгі оқушылар ұшқыштың кабинасында отыруға және өзін нағыз ұшқыш ретінде сезінуге, ұшақты басқару аспаптарының панелін көруге, ұшақтың қалай жұмыс істейтінін және әр рейс алдында оны қалай тексеретінін білуге, ұшу қауіпсіздігі ережелерімен және апаттық-құтқару жабдығымен танысуға мүмкіндік алды.

*«Өндірістік қауіпсіздік бойынша мастер-класс біздің жастарға авиациялық-техникалық орталықтың жұмысын және авиациядағы қауіпсіздіктің маңыздылығын жақсы түсінуге көмектесті. Біз оларға ұшқыш кабинасының атмосферасын сезінуге және авиациялық қауіпсіздіктің негізгі аспектілерімен танысуға мүмкіндік бергенімізге қуаныштымыз», — деп атап өтті Air Astana қызметкерлерді басқару және әкімшілік мәселелер жөніндегі вице-президент Евгения Ни.*

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2023/07/45492-300x200.jpg)

---

Жарияланды: 2023-07-05T08:09:43+06:00

Жаңартылды: 2023-07-05T08:09:43+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/07/05/air-astana-oendiristik-qawipsizdik-bojynsha-master-klass-oetkizdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.