---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/07/04/uekimet-basshysy-maek-tegi-apatqa-kinaeliler-zhawapqa-tartylady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Үкімет басшысы: МАЭК-тегі апатқа кінәлілер жауапқа тартылады

![Үкімет басшысы: МАЭК-тегі апатқа кінәлілер жауапқа тартылады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/07/230512093447610e.webp)

**Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында Маңғыстау атом энергетика комбинатындағы апатқа кінәлілер жауапқа тартылатынын айтты, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Премьер-Министрдің төрағалығымен апаттың себептерін тексеру үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрылды. Кінәлілер жауапқа тартылады.
> 
> 
> 
> 
> Қазіргі таңда ең бастысы – барлық кәсіпорындардың жұмысын қалпына келтіріп, тұтынушыларды электр энергиясымен толығымен қамтамасыз ету», — деген Әлихан Смайылов, жағдайды реттеуге бағытталған бірнеше тапсырма берді.
> 
> 
> 
> 
> «Бірінші. Маңғыстау облысының әкімдігі энергетикалық комбинаттың қолданыстағы жабдықтарын іске қосу және жаңғырту бойынша шаралар қабылдауы тиіс.
> 
> 
> 
> 
> Екінші. Энергетика министрлігі «KEGOC» компаниясымен бірлесіп, Батыс энергетикалық торабының қалыпты жұмысын қамтамасыз етуі керек.
> 
> 
> 
> 
> Үшінші. Энергетика министрлігі Ішкі істер министрлігімен, Бәсекелестікті қорғау агенттігімен бірге алып-сату және жанар-жағармайдың жасанды тапшылығын туғызу фактілеріне тосқауыл қоюы қажет», — деді Премьер-Министр.

Еске салайық, кеше кешке Атырауда бірнеше шағынауданда жарық сөніп қалған болатын.

Артынша жергілікті энергетикалық кешеннің баспасөз қызметі электр қуатының өшу себебін айтты.

Сағат 21.30-да Атырау облысы әкімдігі жарықтың жанғанын хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау мұнай өңдеу зауыты мен Маңғыстау атом энергетика комбинатында туындаған жағдай бойынша мемлекеттік комиссия құруды тапсырды.

---

Жарияланды: 2023-07-04T07:41:06+06:00

Жаңартылды: 2023-07-04T07:41:06+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/07/04/uekimet-basshysy-maek-tegi-apatqa-kinaeliler-zhawapqa-tartylady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.