---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/07/04/qazaqstanda-elektrondy-shot-faktwra-zhuejesi-aldaghy-eki-kuende-zhumys-istemejdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстанда электронды шот-фактура жүйесі алдағы екі күнде жұмыс істемейді

![Қазақстанда электронды шот-фактура жүйесі алдағы екі күнде жұмыс істемейді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/07/snimok-ekrana-2023_07_04-v-16.15.48.png)

**Қазақстанда электронды шот-фактура жүйесі алдағы екі күнде жұмыс істемейді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.**

> «Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің серверлік жабдығындағы техникалық ақауларға байланысты (…) 2023 жылғы 4 және 5 шілдеде «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде тауарларға шот-фактураларды және ілеспе шот-фактураларды беру мүмкін еместігін хабарлаймыз» , — делінген хабарламада.

Қажет болған жағдайда салық төлеушілер қағаз жүзінде:

- 2023 жылғы 5 шілдеден кейін күнтізбелік 15 күн ішінде ЭШФ АЖ-ға кейіннен енгізе отырып, шот-фактураны беру;
- 2023 жылғы 5 шілдеден кейін үш жұмыс күні ішінде ЭШФ АЖ-ға кейіннен енгізе отырып, тауарларға ілеспе жүкқұжатты беру.

Комитет ешқандай жаза қолданылмайтынына сендірді.

> «ЕАЭО елдерімен Мемлекеттік шекараны автомобиль өткізу пункттерінде кесіп өту кезінде мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерінен көрсетілген мерзімде ЭШФ АЖ-да ҰЖТ болуы талап етілмейді», — деп толықтырды комитет.

---

Жарияланды: 2023-07-04T12:11:59+06:00

Жаңартылды: 2023-07-04T12:11:59+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Экономика](https://qazaqpress.kz/category/ekonomika/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/07/04/qazaqstanda-elektrondy-shot-faktwra-zhuejesi-aldaghy-eki-kuende-zhumys-istemejdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.