Қазақстанда электронды шот-фактура жүйесі алдағы екі күнде жұмыс істемейді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.
«Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің серверлік жабдығындағы техникалық ақауларға байланысты (…) 2023 жылғы 4 және 5 шілдеде «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде тауарларға шот-фактураларды және ілеспе шот-фактураларды беру мүмкін еместігін хабарлаймыз» , – делінген хабарламада.
Қажет болған жағдайда салық төлеушілер қағаз жүзінде:
- 2023 жылғы 5 шілдеден кейін күнтізбелік 15 күн ішінде ЭШФ АЖ-ға кейіннен енгізе отырып, шот-фактураны беру;
- 2023 жылғы 5 шілдеден кейін үш жұмыс күні ішінде ЭШФ АЖ-ға кейіннен енгізе отырып, тауарларға ілеспе жүкқұжатты беру.
Комитет ешқандай жаза қолданылмайтынына сендірді.
«ЕАЭО елдерімен Мемлекеттік шекараны автомобиль өткізу пункттерінде кесіп өту кезінде мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерінен көрсетілген мерзімде ЭШФ АЖ-да ҰЖТ болуы талап етілмейді», – деп толықтырды комитет.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз