---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/07/03/almaty-oblysynda-eki-azamatyn-oeltirdi-degen-kuedikpen-taezhik-azamaty-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы облысында екі азаматын өлтірді деген күдікпен тәжік азаматы ұсталды

![Алматы облысында екі азаматын өлтірді деген күдікпен тәжік азаматы ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/07/tadzhikistan.jpg)

**Алматы облысында өзінің екі азаматын өлтірді деген күдікпен Тәжікстан азаматы ұсталды, деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің басшысы Бауыржан Әленов.**

> «Ағымдағы жылдың 26 ​​маусымында таңғы сағат 00.50-де Қарасай аудандық ПП-на 1979 жылы туған азаматтан Қаскелең қаласында жеке үйлердің бірінен пышақ жарақаттарымен екі ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. Аталған факті ҚР ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы (кісі өлтіру) бойынша аудандық ішкі істер басқармасының ОҚБК-не тіркелді. Табылған мәйіттердің 1989 және 1996 жылы туған Тәжікстан Республикасының азаматтары екені анықталды. Аталған қылмыстық құқықбұзушылықты жасады деген күдікке сол республиканың 1980 жылы туған азаматы тартылды. Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктінің орнын анықтап, ұстады», — деді Әленов.

Ол қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды деп түсіндірді.

**Сурет көзі: instagram.com/@Bauyrzhan Alenov**

---

Жарияланды: 2023-07-03T04:28:20+06:00

Жаңартылды: 2023-07-03T04:28:20+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/07/03/almaty-oblysynda-eki-azamatyn-oeltirdi-degen-kuedikpen-taezhik-azamaty-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.