Алдағы үш күнде қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұр

Алдағы үш күнде қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұр

Қазақстандықтарды алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіп тұр, деп хабарлайды Qazaqpress «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстанда 2023 жылдың 4-6 шілдесіне арналған ауа райы болжамы. Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, 6 шілдеде республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың батысында ауа райы басым жауын-шашынсыз болады деп күтілуде», — делінген дүйсенбі күнгі хабарда.

Сондай-ақ, күндізгі температураның бірте-бірте көтерілуі батыста +33+39 дейін, ал республиканың қалған бөлігінде ауа температурасының аздап төмендеуі күтілуде: солтүстік-батыста және орталықта +25+35, солтүстікте +25+30°С дейін, шығыста және оңтүстік-шығыста +20+30 дейін, оңтүстікте +25+38 дейін.

Сурет көзі: pixabay.com