---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/06/30/pavlodarda-tramvaj-zhuerginshini-qaghyp-ketti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Павлодарда трамвай жүргіншіні қағып кетті

![Павлодарда трамвай жүргіншіні қағып кетті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/06/photo_114117.jpeg)

**Павлодарда жол апатынан жаяу жүргінші қаза тапты, деп хабарлайды Qazaqpress ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.**

29 маусымда сағат 22:27 шамасында қала полициясына Мәшһүр Жүсіп — М.Горький көшелері қиылысында трамвай вагонының жүргізушісі 58 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы хабарлама түскен.

Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Оқиғадан кейін жүргізуші жол апаты болған жерден кетіп қалған.

Осы дерек бойынша полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады. Қажет сараптамалар тағайындалды. Трамвай анықталды, тексерілді және мөрленді.

 

---

Жарияланды: 2023-06-30T07:27:27+06:00

Жаңартылды: 2023-06-30T07:27:27+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/06/30/pavlodarda-tramvaj-zhuerginshini-qaghyp-ketti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.