---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/06/28/astanalyq-avtobwstar-qurban-ajtta-tangghy-5-te-zhumysyn-bastajdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Астаналық автобустар Құрбан айтта таңғы 5-те жұмысын бастайды

![Астаналық автобустар Құрбан айтта таңғы 5-те жұмысын бастайды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/06/snimok-ekrana-2023_06_27-v-18.25.16.png)

**Астаналық автобустар Құрбан айтта таңғы 5-те жұмысын бастайды, деп хабарлайды Qazaqpress әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.**

> «Алдағы Құрбан айт мерекесіне байланысты елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін 28 маусымда Астанада қоғамдық көліктер таңғы сағат 05:00-ден бастап жүре бастайды», — делінген хабарламада.

29 маусымда автобустар әдеттегі кесте бойынша жүреді.

Сондай-ақ, Астанада таңғы сағат 8-ден кешкі 6-ға дейін құрбандық шалу үшін мал сойылатын орындар бөлінгені хабарланды:

Жайлау базары, Алаш тас жолы, көш. C 313;

Үлкен Шанхай базары, Алаш тас жолы 34/6 (Көк базар базарының артында);

Шопан ата базары (Рубик пен Әмір базарының арасы);

«Баракат» базары, көш. А 369, № 10 ғимарат;

«Ұлжан» әмбебап базары (бұрынғы «Саянұр» базары), Н.Тілендиев даңғылы, 24.

**Фото дереккөзі: 2GIS**

---

Жарияланды: 2023-06-28T06:20:37+06:00

Жаңартылды: 2023-06-28T06:20:37+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/06/28/astanalyq-avtobwstar-qurban-ajtta-tangghy-5-te-zhumysyn-bastajdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.