Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы 13 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qazaqpress Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
«Шымкент қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Ол мегаполистің әлеуметтік маңызы бар бағыттары бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау кезінде кәсіпкерден бюджет қаражатын кедергісіз төлегені үшін 13 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді», – делінген бейсенбі күні таратқан хабарламада.
Анықталғандай, соттың санкциясымен күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды.
Сурет көзі: pixabay.com
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз