---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/06/22/shildede-qazaqstandyqtar-qansha-kuen-demalady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Шілдеде қазақстандықтар қанша күн демалады?

![Шілдеде қазақстандықтар қанша күн демалады?](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/06/7275c10c3d38488ca11fb81837f7d3d9.jpeg)

**2023 жылдың шілдесінде қазақстандықтар мемлекеттік мереке — Астана күнін тойлайды, деп хабарлайды Qazaqpress Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.**

Бұған дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі Астана күнін мерекелеу аясында демалыс күнін шегеру туралы шешімді бекіткен болатын. 2023 жылы жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында 1 шілде — сенбідегі демалыс күні 7 шілде, жұмаға ауыстырылды.

Нәтижесінде қазақстандықтар Астана күні төрт күн демалады: 6, 7, 8, 9 шілдеде. Бұл ретте 1 шілде, сенбі жұмыс күні болады.

Сондықтан:

— 2023 жылғы 2 шілде – демалыс күні;

— 2023 жылғы 6, 7, 8 және 9 шілде — мереке күндері;

— 2023 жылғы 15 және 16 шілде – демалыс күндері;

— 2023 жылғы 22 және 23 шілде — демалыс күндері;

— 2023 жылдың 29 және 30 шілдесі демалыс күндері.

Осылайша, шілдеде 11 күн демалыс болады.

---

Жарияланды: 2023-06-22T05:56:07+06:00

Жаңартылды: 2023-06-22T05:56:07+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/06/22/shildede-qazaqstandyqtar-qansha-kuen-demalady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.