Social icon element need JNews Essential plugin to be activated.

Таиландта ресейлікті тапсырыспен өлтірмек болған қазақстандық ұсталды

Байланысты

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Пхукет аралында ресейлікті тапсырыспен өлтірмек болған Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Qazaqpress Rbc.ru сайтына сілтеме жасап.

«Таиланд полициясы Пхукет аралында ресейлікке қастандық жасады деген күдікпен Қазақстан азаматын ұстады», — деп хабарлады Ресейдің Пхукеттегі бас консулдығы.

Белгілі болғандай, күдікті Мәскеуге бет алған Пхукет әуежайында ұсталды.

Бір күн бұрын Ресейдің бас консулы Владимир Соснов жарақат алған ресейлікті көлікте атып тастамақ болғанын айтқан.

«Ер адам ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Таиланд полициясы мұны қастандық деп болжайды», — делінген хабарламада.

Тайланд ақпарат құралдарының хабарлауынша, құрбан 44 жастағы Дмитрий Алейников.

«Куәгерлер полицияға Honda PCX мотоциклімен мекемеге басқа шетелдіктің келгенін айтты. Көлікке жақындаған ол тапаншасын алып, ресейлікке төрт рет оқ атқан, содан кейін ол қылмыс орнынан қашып кеткен», — деп түсіндіреді басылым.

Next Post

Discussion about this post