Алматыда кәсіпкерден ірі көлемде ақша бопсалаған 4 адам ұсталды

Байланысты

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Алматыда кәсіпкерден ірі көлемде ақша бопсалаған төрт адам ұсталды, деп хабарлайды Qazaqpress ІІМ ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап.

«Алматыда кәсіпкерден 2 миллион теңге бопсалаған. Арнайы операция барысында осы қылмысты жасады деген күдікпен төрт ер адам ұсталды, олардың үшеуі бұрын тонау, денсаулыққа ауыр зиян келтіру және бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша сотты болған», – делінген жұма күні таратқан хабарламада.

Белгілі болғандай, зардап шеккен кәсіпкер 21 жаста.

«Күдіктілер сұраған соманың бірінші бөлігін бірден алды, қалғанын өндіруге 20 күн берілді. Бопсалау фактісі ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігімен тіркелді. Жедел және арнайы шаралар кешені жүргізілді. «Қылмыстық төрттіктің» қылмыстық әрекеттері құжатталған. Олар қылмыс үстінде ұсталды. Күдіктілер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес ҰҚК-ге қамалды. Сонымен қатар, атыс қаруын заңсыз сақтау фактісі анықталды. Сараптамалар тағайындалды», — деді Алматы қаласы Медеу аудандық полиция бөлімінің басшысы Ілияс Өмірсеріков.

Фото дереккөзі: polisia.kz

Байланысты жаңалықтар

Келесі жаңалық

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар