---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/06/09/air-astana-ajyppulgha-qatysty-sot-aktisine-shaghym-beredi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Air Astana айыппұлға қатысты сот актісіне шағым береді

![Air Astana айыппұлға қатысты сот актісіне шағым береді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/06/eyr-astana-subsidii.jpg)

**Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің «Эйр Астана» АҚ-ға әуетасымал нарығындағы үстем жағдайды теріс пайдаланғаны үшін әкімшілік айыппұл салу туралы ақпаратына қатысты мынаны хабарлаймыз.**

Әуекомпания құрылған күнінен бастап өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. Әуекомпанияның көптеген тергеулері мен тексерулері монополиялық жоғары бағаларды белгілеу үшін, тасымалдаушының жұмысында бұзушылықтарды анықтаған жоқ. Агенттік жүктеген құқық бұзушылық тек қана отын алымын өндіріп алуға қатысты және негізсіз.

Ең алдымен, әуекомпаниялардың отын алымын алуы заңды құқық болып табылады және «Әуе кеңістігін пайдалану туралы» ҚР Заңында қарастырылған. Бүгінгі таңда бұл норма қолданылады, бұл туралы Агенттіктің өзі бірнеше рет мәлімдеді. Сонымен қатар, әкімшілік жауапкершілікке тарту соттың істі қарауы көптеген іс жүргізу бұзушылықтарымен жүргізілді. Әуекомпаниясы сот актісіне шағымданады. Ал Агенттік жауапкершілікке тарту тәртібін бұзды, бұл Астана қ. МАӘС-тың Агенттіктің әрекеттерін/әрекетсіздігін заңсыз деп тану туралы (заңды күшіне енбеген) шешімімен расталады.

---

Жарияланды: 2023-06-09T09:17:23+06:00

Жаңартылды: 2023-06-09T09:19:39+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/06/09/air-astana-ajyppulgha-qatysty-sot-aktisine-shaghym-beredi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.