---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/06/07/tailandta-oetip-zhatqan-velosporttan-aziya-chempionatynda-qazaqstan-quramasy-altyn-zhengip-aldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Таиландта өтіп жатқан велоспорттан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алтын жеңіп алды

![Таиландта өтіп жатқан велоспорттан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алтын жеңіп алды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/06/velosport-shosse.jpg)

**Таиландта өткен шосседегі велоспорттан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Qazaqpress Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.**

> «Районг қаласында (Таиланд) шосседегі велоспорттан Азия чемпионаты басталды. Турнирдегі алғашқы медаль Қазақстан құрамасына бұйырды. Біздің спортшылар алтынға қол жеткізді. Қазақстандық велошабандоздар командалық жарыста (аралас) мәреге бірінші жетті», — делінген сәрсенбіде тараған хабарламада.

Ел намысын Рината Сұлтанова, Игорь Чжан, Евгений Федоров, Дмитрий Груздев, Махаббат Үмітжанова және Марина Кузьмина қорғады.

**Фото дереккөзі: Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.**

---

Жарияланды: 2023-06-07T09:54:27+06:00

Жаңартылды: 2023-06-07T09:54:27+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/06/07/tailandta-oetip-zhatqan-velosporttan-aziya-chempionatynda-qazaqstan-quramasy-altyn-zhengip-aldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.