---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/06/06/almaty-men-ashhabad-arasyndaghy-aewe-rejsteri-qajta-zhandandy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы мен Ашхабад арасындағы әуе рейстері қайта жанданды

![Алматы мен Ашхабад арасындағы әуе рейстері қайта жанданды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/06/snimok-ekrana-2023_06_06-v-13.18.18.png)

**Алматы мен Түркіменстанның Ашхабад қаласы арасындағы әуе рейстері қайта жанданды, деп хабарлайды Qazaqpress Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.**

> «Ұшулар географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту бойынша жұмыс аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Азаматтық авиация комитеті түркімен тарапымен бірлесіп әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесін пысықтады. Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы көлік қатынасы», — делінген хабарламада.

Түрікменстан әуе жолдары 2023 жылдың 2 маусымынан бастап екі ел арасындағы тұрақты жолаушылар рейсін қайта бастады. Тасымалдау Алматы – Ашхабад бағыты бойынша аптасына 1 рейс жиілігімен жұма күндері Boeing-737 типті әуе кемелерімен жүзеге асырылады.

**Сурет көзі: pixabay.com**

---

Жарияланды: 2023-06-06T08:03:19+06:00

Жаңартылды: 2023-06-06T08:03:19+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Саяхат](https://qazaqpress.kz/category/sayahat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/06/06/almaty-men-ashhabad-arasyndaghy-aewe-rejsteri-qajta-zhandandy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.