Алматы мен Түркіменстанның Ашхабад қаласы арасындағы әуе рейстері қайта жанданды, деп хабарлайды Qazaqpress Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
«Ұшулар географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту бойынша жұмыс аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Азаматтық авиация комитеті түркімен тарапымен бірлесіп әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесін пысықтады. Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы көлік қатынасы», – делінген хабарламада.
Түрікменстан әуе жолдары 2023 жылдың 2 маусымынан бастап екі ел арасындағы тұрақты жолаушылар рейсін қайта бастады. Тасымалдау Алматы – Ашхабад бағыты бойынша аптасына 1 рейс жиілігімен жұма күндері Boeing-737 типті әуе кемелерімен жүзеге асырылады.
Сурет көзі: pixabay.com
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз