---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/06/05/toqaev-aqordada-aktrisa-samal-eslyamovany-qabyldady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев Ақордада актриса Самал Еслямованы қабылдады

![Тоқаев Ақордада актриса Самал Еслямованы қабылдады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/06/snimok-ekrana-2023_06_05-v-18.19.00.png)

**Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актриса Самал Еслямованы қабылдады, деп хабарлайды Qazaqpress Akorda.kz-ке сілтеме жасап.**

Кездесу барысында отандық театр өнері және кинематография саласын дамыту мәселелері талқыланды.

Президент қоғамның рухани дамуында театр мен кино маңызды рөл атқаратынына тоқталып, аталған салаларға мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетіліп жатқанына назар аударды.

Мемлекет басшысы отандық фильмдерде тарихымызды, мәдениетімізді дәріптеуге, жастардың бойында патриотизм сезімін қалыптастыруға, рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттауға баса мән беру қажет екенін атап өтті.

Өз кезегінде Самал Еслямова Президентке өзінің  алдағы шығармашылық жоспары, отандық өнер саласын дамытуға қатысты ұсыныстары туралы айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт мәдениетін танытуға үлес қосып келе жатқаны үшін актриса Самал Еслямоваға алғыс айтып, шығармашылық табыс тіледі.

---

Жарияланды: 2023-06-05T15:33:11+06:00

Жаңартылды: 2023-06-05T15:33:11+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/06/05/toqaev-aqordada-aktrisa-samal-eslyamovany-qabyldady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.