Дүйсенбіде Шымкентте күн ашық, Астана мен Алматыда бұлтты болады

Дүйсенбіде Шымкентте күн ашық, Астана мен Алматыда бұлтты болады

Дүйсенбі күні Шымкентте күн ашық, Астана мен Алматыда бұлтты болады, деп хабарлайды Qazaqpress «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада бұлтты, жауын-шашынсыз, жел секундына 3-8 метрге жетеді. Күндіз +36+38, түнде +17+19.

Алматыда жауын-шашынсыз, жел секундына 3-8 метрге жетеді деп болжайды. Күндіз +31+33, түнде +17+19.

Шымкентте күн ашық, жел секундына 5-10 метр. Күндіз +35+37, түнде +18+20.

Сурет көзі: pixabay.com