Қазақстанда жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша сыйлықақылар шамамен 55%-ға өсті

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Қазақстанда 2023 жылдың қаңтар-сәуірінде қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша сақтандырушылардың сыйлықақылары 55,9%-ға өсті, деп хабарлайды Qazaqpress Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

Байланысты

«Жыл басынан бері міндетті сақтандыру бойынша 59,3 млрд теңге сақтандыру сыйлықақысы жиналды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,5%-ға артық. Өсім негізінен қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруда болды, сақтандырудың осы сыныбын ерікті жеке аннуитеттік сақтандырумен біріктіруді есепке алғанда 54,9%-ға немесе 8,2 млрд теңгеге өсті», – делінген шолуда.

Құжатқа сәйкес, 2023 жылдың төрт айында сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18%-ға өсіп, 322,5 млрд теңгені құрады.

Сурет көзі: pixabay.com

Байланысты жаңалықтар

Келесі жаңалық

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар