Павлодарда төрт жасар бала септикке түсіп, мерт болды

Павлодарда төрт жасар бала септикке түсіп, мерт болды

Павлодарда төрт жасар бала септикке құлап, мерт болды, деп хабарлайды Qazaqpress Kaztag.kz-ке сілтеме жасап.

«Қоңырау 31 мамыр күні сағат 21.23-те түсті. Бала кәріз шұңқырына құлап кеткен. Шұғылдықтың бірінші санаты бойынша жол 10 минутты құрады. Бала төрт жаста. Оқиға орнында дәрігерлер баланың өлімін растады», — деп хабарлады бейсенбі күні Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясынан.

Оқиға Павлодар қалалық әкімшілігіне қарасты Мойылды ауылында болған.

Сурет көзі: ©Мәдина Әлімханова.