---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/05/29/shymkent-policiyasynyng-boelim-bastyghy-men-tergewshisi-para-aldy-degen-kuedikke-ilindi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Шымкент полициясының бөлім бастығы мен тергеушісі пара алды деген күдікке ілінді

![Шымкент полициясының бөлім бастығы мен тергеушісі пара алды деген күдікке ілінді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/05/snimok-ekrana-2023_05_29-v-15.58.17.png)

**Шымкент полициясының бөлім бастығы мен тергеушісі пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне сілтеме жасап.**

> «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Шымкент қаласы бойынша полиция департаментінің бөлім бастығы мен аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр», — делінген хабарламада.

Олар күйеуіне қатысты қамауға алумен байланысты емес бұлтартпау шарасын таңдау үшін мегаполис тұрғынынан алдын ала келісім бойынша бір топ адаммен 500 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.

Полицейлердің қылмысты мойындағаны көрсетілген.

**Сурет көзі: Мәдина Әлімханова**

---

Жарияланды: 2023-05-29T10:41:18+06:00

Жаңартылды: 2023-05-29T10:41:18+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/05/29/shymkent-policiyasynyng-boelim-bastyghy-men-tergewshisi-para-aldy-degen-kuedikke-ilindi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.